KZ

Кітап оқудың ағылшынша әдістері

Ағылшындар жас ұрпақтың сауатты болып өсуіне ерекше мән береді.
Мысалға, мектептегі үзіліс кезінде дәліздегі үлкен экраннан жаңа шығарманың желісімен түсірілген 2-3 минуттық трейлер тамашалауға болады. Бұл бүлдіршіндерді кітап оқуға баулу үшін жасалынған шара. Оның сыртында, бастауыш сыныптарда балалардың оқыған кітаптарын талқылауға арналған арнайы пән де бар.
Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ
Әйтсе де, соңғы жылдары британдық зерттеу ұйымдары, «ағылшындар кітапты аз оқи бастады» деп жабыла жазуда. 2017 жылы Reading Agency атты қайырымдылық бірлестігі жүргізген сауалнамаға қатысқан 2 мың тұрғынның ішінде 48%-ы «кітап оқуға уақытым жоқ» деп жауап берген. Осы мәліметтің өзі ағылшын қоғамындағы мекемелерді аяғынан тік тұрғызып, кітап оқудың жаңа әдістерін ойлап табуға ынталандыра түсті. Соның бірі Quick Reads («жедел оқылатын кітап») жобасы. Аты айтып тұрғандай, ол – танымал кітаптардың шағын, ықшамдалған нұсқасы. Яғни, енді Джоджио Мойес, Родди Дойл, Энди Макнаб секілді авторлардың бестселлер туындыларын уақыт шығындамай-ақ оқып шығуға болады. Мұндай кітаптардың бағасы – небәрі 1 фунт. Олар тек кітап дүкендерінде ғана емес, кәдімгі супермаркеттерде де сатыла береді.

Ұлыбританияда кең танымал тағы бір жоба – BookTrust қайырымдылық ұйымының 4 жасқа дейінгі балаларға арналған Bookstart бағдарламасы. Ол 1992 жылдан бері жұмыс істейді. Мұның ерекшелігі – көзі көрмейтін, құлағында мүкісі бар, моторикасы әлсіз дамыған балаларға арнайы кітаптар таратып, мектепке дайындайды.

Жалпы, ағылшын мектептерінде баланың кітап оқуына үлкен мән беріледі. Бірақ кітап таңдауды мұғалімдер көбіне оқушының өзіне қалдырады. «Кейбір балаға жан-жануарлар туралы ертегі мүлдем қызық емес. Есесіне ол бөгде планеталардан келгендер туралы xикаяттарды ұнатуы мүмкін. Біз баланың таңдауына әрқашан құрметпен қараймыз», - деп түсіндіреді ұстаздардың өздері.
ЮНЕСКО келтірген деректер бойынша, бүгінде дүние жүзінде 2 миллиардқа жуық адам көпшілікке арналған кітапхана оқырмандары қатарында. Әлемдік Statista агенттігі зерттеулерінің бірі әлем халықтарының аптасына орташа есеппен қанша сағат кітап оқитынына арналған. 30 елдің көшін бастаған Үндістанда бір адам аптасына 10 сағаттан астам уақытын кітап оқуға арнайды екен. Кітапқұмар елдер арасында ресейлік оқырмандар 7 орынды иеленсе, Жапония мен Корея соңғы отыздыққа ілініпті. Отыздықтың соңында тұрса да Жапонияда жылына, орташа есеппен алғанда, шамамен 6,7 млрд дана баспа өнімі шығарылады.
Бағалау
Өзге мақалалар
© Сайттағы материалдарды 18+Идеяға гиперсілтеме болған жағдайда ғана қолдануға болады.

Байланыс үшін:
y.korabayeva@18plusidea.kz
+7 707 1234 189
Командасы
  • Жобаның жетекшісі:
  • Екатерина Корабаева
  • Редактор:
  • Олег Хe
  • Қазақ контентінің редакторы:
  • Асия Акишева
  • Видеограф:
  • Бауыржан Сәду
  • SMM-маман:
  • Екатерина Чалова
Made on
Tilda